



Мектебіміздің директоры Рахымбаева Әсел Аманбекқызы Әзербайжан Республикасы, Баку қаласында өткен
«Білім беру процесі: жасанды интеллект пен құндылықтар синергиясы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік симпозиумға қатысып қана қоймай, өзінің кәсіби тәжірибесімен және білім беру саласындағы практикалық көзқарастарымен бөлісті.
Симпозиум барысында директорымыз жасанды интеллект элементтерін оқу-тәрбие үдерісіне енгізу, оларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтармен үйлестіру бағытындағы мектеп тәжірибесін ұсынып, халықаралық әріптестермен мазмұнды пікір алмасуға қатысты.
Әртүрлі елдерден келген тәжірибелі педагогтер қатысқан бұл алаң кәсіби диалогты нығайтып, жаңа идеялар мен серіктестіктерге жол ашты.
Аталған халықаралық іс-шараға белсенді қатысу – мектебіміздің дамуға бағытталған ашық саясатын, білім сапасын арттыруға және заманауи білім кеңістігіне кірігуге ұмтылысын айқын көрсетеді.
Іс-сапардың негізгі мақсаты – халықаралық ғылыми-педагогикалық қауымдастықпен тәжірибе алмасу, жасанды интеллектке негізделген білім беру технологияларын оқу-тәрбие үдерісіне енгізудің тиімді жолдарын талқылау және ұлттық құндылықтарға негізделген заманауи білім беру тәжірибесін халықаралық деңгейде таныстыру.