
«Жас Дарын» 3 бастауыш мектебінің би үйірмесі қалалық өнер сайысында жоғары өнер көрсетіп,
ГРАН-ПРИ жүлдесінің иегері атанды!
Бұл — тынымсыз еңбектің, шығармашылық ізденістің және жас өнерпаздардың талантының жемісі. Жетекшілерге, оқушыларға және қолдау білдірген ата-аналарға зор алғыс!


«Жас Дарын-3» бастауыш мектебі – әр баланың дарынын ашуға арналған білім ордасы.
Бізде:
✔️ Білікті мұғалімдер ✔️ Заманауй әдіс-тәсілдер ✔️ Қауіпсіз әрі жылы орта ✔️ Сапалы білім мен тәрбие
Балаңыздың алғашқы қадамы – дұрыс мектептен басталсын!


Мектептің материалдық-техникалық базасы жаңа көрнекілік құралдарымен қамтамасыз етілді.
Оқу кабинеттеріне жеткізілген құралдар білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған.


Сапалы мектеп білімі мен жанкешті ұстаз еңбегі — үлкен жеңістердің бастауы.
III Республикалық Ғылыми жобалар конференциясында «Жас Дарын» және «Жас Дарын-3» бастауыш мектебінің оқушылары 1–2–3 орындарды қанжығасына байлады!
Бұл — мектептегі жүйелі білімнің, ұстаздардың тынымсыз еңбегінің, оқушылардың білімге деген құштарлығы мен табандылығының айқын нәтижесі.




Тәуелсіздік – бейбіт өмір мен жарқын болашақтың бастауы.
Осы ұлы мерекеге орай «Жас-Дарын 3» бастауыш мектебінде Тәуелсіздік күніне арналған тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Еркін елдің ұланы болу – үлкен бақыт!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

16 желтоқсан – Желтоқсан рухы жаңғыратын күн!
Бұл күн – Азаттық үшін алаңға шыққан, Жас жүректердің қайсарлығы мен ерлігінің күні. Желтоқсанның ызғарлы күндерінде, Қарапайым студенттер, Қазақтың өр рухты жастары, Әділдік пен еркіндік үшін бас көтерді.
Олардың үні – Тарихта өшпес із қалдырды. Олардың ерлігі – Тәуелсіздіктің алғашқы қадамы болды. Біз бүгін — Желтоқсан қаһармандарына тағзым етіп, Олардың ерлігіне бас иеміз.


Жарыс соңында үздік жұмыстар марапатталып, балалар өз еңбегінің жемісін көрді. Олардың дамуға деген құлшынысы мен ынтасы — біз үшін үлкен мотивация! Барлық қатысушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз!


Олардың ұлтқа сіңірген еңбегі – өшпес тарих, рухани мұра.


Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған ерекше әдеби кеш.
Жас-Дарын 3 мектебінің бүлдіршіндері ұлт зиялысының рухын жүрекпен сезініп, оның асыл мұрасын сахнада қайта жаңғыртты.


Жас-Дарын 3 бастауыш мектебінің би үйірмесі – ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІ!
Бүгін біздің кішкентай жұлдыздарымыздың еңбегі еселеніп, қала бойынша өткен «Жарқыра, жұлдыз!» сайысында топ жарды! Би үйірмесінің бишілері өз таланттарын, еңбегін және сахнаға деген сүйіспеншілігін айқын көрсетіп, Гран-при иеленді! Бұл жеңіс – балалардың талпынысы, ұстаздарының еңбегі және ата-аналардың қолдауының жемісі.


«Тәрбие-тәлім, өнер мен білім-баланың қос қанаты» іс- шарасы.
21.11.2025 күні мектебімізде ұзартылған күн тобында білім алатын 1-сынып оқушыларының қатысуымен ата-аналарға арнап концерттік бағдарлама өткізілді. Іс-шара мақсаты, балаға тәрбие мен білімді қатар үйретіп, ата-ана, ұстаз және бала арасындағы қарым-қатынасты күшейту. Іс-шара арқылы балалардың өнерін көрсетіп бәсекеге қабілетті бүлдіршіндерді тәрбиелеу.


Бүгін мектебімізде Тұран аудандық полиция бөлімінің қызметкері, ДТІЖО, мектеп Психологы мен Медбикесі оқушылармен арнайы кездесу өткізіп, “Жол қауіпсіздігі”, “Булинг” және “Кибербулинг” және “Жеке бас гигиенасы”тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


“Жігіт сұлтаны – 2025” байқауы өтті!
Бүгін біздің мектебіміз нағыз дарынды, өнерлі, тәртіпті жас жігіттердің басын қосты. Оқушылар өз білімін, өнерін, батылдығы мен тапқырлығын көрсетіп, ерекше атмосфера сыйлады. Байқауға қатысқан әрбір шәкіртімізге зор алғыс! Олар сахнада өз талантын танытып қана қоймай, үлгі боларлық тәрбиесін көрсетті. Бұл күн – ұмытылмас эмоциялар, жарқын сәттер мен қуанышқа толы болды.


«Ертегілер елінде» жобасы бастау алды!
1-сынып оқушыларына арналған бұл ерекше жоба — әке мен баланың жылы қарым-қатынасын нығайтып, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған. Жобаның шарты:
Оқушы мен әкесі бірге ертегі оқып немесе әке ертегі айтып отырған сәтті сапалы бейнежазбаға түсіреді. Видеоролик қазақы нақышта безендіріліп, ертегі тәрбиелік мәнге ие болуы тиіс.


«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында өтілетін «Күзгі асар» жәрмеңкесінің
Ісшараның өткізілу мақсаты – оқушыларының күз мезгілі жайлы танымын арттыру. Ұстаз, оқушы, ата-ана арасындағы тығыз байланысты күшейту. Ата ананың мектеп ішіндегі іс-шараға белсене қатысуын қадағалай отырып балалардың бәсекелестікке қабілеттілігін қалыптастыру.


Республика күні – елдік пен еркіндіктің, бірлік пен берекенің мерекесі.
Бұл күн – азаттығын арман еткен ата-бабамыздың рухына тағзым, тәуелсіз елдің ұрпағы екенімізге мақтаныш. Біз – бейбіт өмірдің бағасын білетін, ел болашағын біліммен, еңбегімен нұрландыратын ұрпақпыз.


25 қазан — Республика күніне орай
25 қазан — Республика күніне орай, 2-4 сыныптар арасында ұйымдастырылған “Мәңгілік жаса, Қазақстан”,- атты дойбы ойынынан мектепішілік жарыс


«Күз ханшайымы – 2025» сәндік дефиле
Алтын күздің шуақты күнінде мектебімізде 3–4 сынып оқушылары арасында дәстүрлі “Күз ханшайымы” сәндік дефиле іс-шарасы өтті! Бұл күн әсемдік пен шаттыққа, жылы күлкі мен жарқын эмоцияларға толы болды. Бүлдіршіндеріміз күз тақырыбындағы ерекше сән үлгілерін паш етіп, өз өнерлері мен сахна мәдениетін көрсетті. Әр ханшайым сахна төрінде нұр шашып, нәзіктігі мен талғамын танытты. Көрермендер кішкентай қатысушылардың талпынысына, батылдығына және жарқын бейнелеріне сүйсіне қол соқты. ![]()
Іс-шара оқушыларға өз-өзіне сенімді болуға, сахнада еркін өнер көрсетуге және эстетикалық талғамын дамытуға үлкен мүмкіндік берді.


Бүгін біз үшін ерекше күн — білімнің бастау бұлағы саналатын Бастауыш апталығының ашылу салтанаты өтті! Бұл аптада түрлі қызықты шаралар, ойындар мен сабақтар өтеді. Бастауыш — үлкен жолдың алғашқы баспалдағы!


“АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУШІ АТА-АНА, ҚОЛДАУШЫ ҰСТАЗ, ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП”
тақырыбында ата-аналар жиналысы.


Сіздерді ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Білімнің шамын жағып, жас ұрпақтың жүрегіне ізгілік пен парасат дәнін еккен еңбектеріңіз — ұлт болашағына қосқан баға жетпес үлес.Сіздің әрбір сабағыңыз – бала арманына бастар жол, әрбір сөзіңіз – жүректерге шырақ, әрбір қамқорлығыңыз – үлкен өмірге сенімді қадам!


“7 атаңды жатқа біл!” — Ұлттық құндылықты ұлықтаған бастама
Мектебімізде жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіріп, ата-бабамызды құрметтеуге баулу мақсатында “7 атаңды жатқа біл” атты жоба ұйымдастырылды. Бұл бастама арқылы оқушылар өз шежіресін танып, тегін тануға, үлкенді құрметтеп, ұлт тарихына тереңірек үңілуге мүмкіндік алды.


Бүгін мектебімізде Тұран аудандық полиция бөлімінің қызметкері, ДТІЖО, мектеп Психологы мен Медбикесі оқушылармен арнайы кездесу өткізіп, “Жол қауіпсіздігі”, “Булинг” және “Кибербулинг” және “Жеке бас гигиенасы”тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Тілім менің – тірлігімнің айғағы! ![]()
Бүгін – Қазақстан халқы тілдері күні!
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келетін бұл мереке – әр ұлттың өз тіліне деген құрметі мен бауырластығының белгісі.